Шайқайды омырауыңды жел уыстап
«Ол қыз менімен емес, даланың желімен жүреді» Ауылдағы бір достың әңгімесінен…
Қылықтым бөгде біреу сені құшпақ,
Алдыңнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқайды омырауыңды жел уыстап.
Кердең басып барасың кең мекенді,
Даусыңды қияндарға өрлет енді.
Мен көтере алмаған етегіңді,
Екпіндеп, екіленген жел көтерді.
Жанарың заманаға төгеді мұң,
Жинапсың мезгілдерден сор – егінін.
Біз тамсанып қарайтын балтырыңды,
Ешкім емес, тек қана өбеді күн.
Өкініп қайтты үйіңе келген бала,
Күрсініп, түндігіңе төнген нала.
Ерініңнен мен сүймей жел сүйеді,
Жолдас болып алдың ба желмен ғана.
Жетермін мен де бір күн арманыма,
Сені іздеп қарайлаймын жан-жағыма.
Өкініп, төсегімде дөңбекшимін,
Жел болып жаратылмай қалғаныма.
Әрі қарай
Қылықтым бөгде біреу сені құшпақ,
Алдыңнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқайды омырауыңды жел уыстап.
Кердең басып барасың кең мекенді,
Даусыңды қияндарға өрлет енді.
Мен көтере алмаған етегіңді,
Екпіндеп, екіленген жел көтерді.
Жанарың заманаға төгеді мұң,
Жинапсың мезгілдерден сор – егінін.
Біз тамсанып қарайтын балтырыңды,
Ешкім емес, тек қана өбеді күн.
Өкініп қайтты үйіңе келген бала,
Күрсініп, түндігіңе төнген нала.
Ерініңнен мен сүймей жел сүйеді,
Жолдас болып алдың ба желмен ғана.
Жетермін мен де бір күн арманыма,
Сені іздеп қарайлаймын жан-жағыма.
Өкініп, төсегімде дөңбекшимін,
Жел болып жаратылмай қалғаныма.